Израиль Суперлигасының 32-турында “Хапоэль” Хайфа Беэр-Шева қаласының командасын 2:0 есебімен тізе бүктірді.
Ойындағы 2 голда бірінші таймның алғашқы 20 минутында соғылды. Гай Меламед пен Бен Харуш бір-бір голды өз аттарына жазды. Ойынның қалған бөлігінде ерекше атап өтеп сәттер орын алған жоқ. Тек матчтың 70 және 81 минуттарында “Хапоэль” Беэр-Шева клубының қос ойыншысы тәртіпке бағынбағаны үшін алаңнан қуылды. Алаңда 9 ойыншымен қалған “Хапоэль” хайфалық аяқдопшыларға қарсылық көрсете алмады.
Отандасымыз Артур Шушеначев ойынды бастапқы құрамда бастап, кездесудің екінші таймының басында өз орнын босатты.
“Хапоэль” Беэр-Шева ұжымы келер матчын 9 мамыр күні “Маккаби” Бней Райнаға қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET