Мюнхендегі "Альянц Аренада" өткен Бундес лиганың бесінші турында "Бавария" "Вердерді" 4:0 есебімен жеңді.
Матчтың 22-минутында Луис Диас есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды. Алғашқы таймның соңында Харри Кейн пенальтиден гол соғып, басымдықты еселеді. 65-минутта Ағылшын шабуылшысы дубль авторы атанды. Кездесудің нүктесін 88-минутта Кондрат Лаймер қойды.
Бұл ойында Кейн өзінің "Бавария" сапындағы 100-голын соқты. Оған бұл көрсеткішке жету үшін небәрі 104 матч қажет болды. Бұл – XXI ғасырда Еуропаның ТОП 5 лигасындағы ең жылдам жетістік.
Қазіргі уақытта "Бавария" Бундеслигада 15 ұпаймен бірінші орында келеді. Ал "Вердер" 4 ұпаймен 14-орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET