Жарнама
Жарнама

Хави Англиядан жұмыс тапты

Бұл Хави үшін керемет мүмкіндік

Жарнама
Жарнама

ХАВИГЕ ҚҰДА ТҮСКЕН ҚАЙ ӘУЛЕТ?

«Барселона» командасының бұрынғы бапкері, испаниялық маман Хави Эрнандес бапкерлік қызметіне қайта оралуы мүмкін. 2021-2024 жылдары «Барселона» клубын жаттықтырған маман, 3 жыл ішінде ішкі чемпионатта топ жарып, Испания Суперкубогын бағындырған еді. Командадағы келеңсіз жағдайлар мен сәтсіздіктерді өз мойнына алып, жұмысын тоқтатқанын білеміз. Мінекей, сол маманның кезекті жорығы АПЛ турнирі болатын секілді. Өйткені, «қызыл сойқандардың» басшылығы Тен Хагтан гөрі, дұрысы осы Хави деп отыр.  

ТЕН ХАГ/ХАВИ

Енді қызық басталады. Тен Хаг команданы әбігерге салып, әрлі-берлі шайқап жүргені бәрімізге мәлім. Қазіргі таңда «МЮ» турнирлік кестеде 14 орында келеді. Ой, келеді деппін-ау, тұр сол жерде. Балшыққа белшесінен батпаса жақсы еді. Команда тізгінін 2022 жылы Эрик тен Хаг ұстағалы клуб барлық турнир бойынша 24 ойында 3+ голдан өткізіпті. АПЛ-дің бірде-бір клубы осы уақытта мұнша гол жібермеген екен. Бірақ «МЮ» бас бапкерді қазір қызметінен босата салуы екіталай. Өйткені келісімшартты бұзса, бапкерге 17,5 млн фунт беруге мәжбүр болады. Кімге пайда? Кімге зиян? Бүгін ұтылса жүгін жинап, шығарып саламыз деген күні, бұл команда тең ойнап кететіні тағы бар. 

ХАВИ БҰЛ КОМАНДАНЫ АЛҒА СҮЙРЕЙ МЕ?

Сүрініп, бүлініп жүрген «Барселонаны» біраз жерге дейін сүйрегенін білеміз. Қалыпқа келтіру үшін барын салды. Бұл жігер мен қауқарды ағылшындық клубқа да енгізе ала ма? Оны дөп басып айту қиын әрине. Испаниялық турнир мен АПЛ-дің айырмашылығы бар. Дегенмен, кімді қойса да «МЮ» басшылығы бапкер ауыстырмай, тыныш ұйықтамайтын секілді. Тең ойынға зар болып, 1 ұпайға шүкір ету кімге оңай дейсіз? Ақырын берсін. Бастысы тарихы бар команданың тарихын жасайтын маман келсе дейміз. Хави команданы өрге сүйрей ала ма? Әлде, бұл ұжымға мүлде басқаша маман қажет пе? 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров