Жарнама
Жарнама

Хави Симонс “Челсиге” ауысуға жақын

22.07.2025, 13:00

"РБ Лейпциг" клубының жартылай қорғаушысы Хави Симонс "Челси" клубына ауысуға дайын деп хабарлады Фабрицио Романо.

Жарнама
Жарнама

Ақпаратқа сәйкес, Ағылшындық клуб Нидерландиялық футболшының өкілдерімен байланысқа шыққан. Хави Симонстың өзі де Лондонның "Челси” командасына ауысуға қарсылығы жоқ екені айтылған. Клубтар арасындағы ресми келіссөздер сейсенбі күні басталады деп күтілуде. Алайда трансфердің жүзеге асуы "Челсидің” қазіргі құрамындағы кейбір ойыншыларды сата алуына тікелей байланысты болады.

Бұған дейін Хави Симонсқа Лондонның тағы бір клубы "Арсенал” мен Германияның "Бавариясы” да қызығушылық танытқаны хабарланған еді, алайда бұл екі клуб әзірге жағдайды сырттай бақылап отыр.

Өткен маусымда Симонс барлық турнирде 33 матчқа қатысып, 11 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген. Ойыншының "РБ Лейпцигпен” қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазынына дейін жарамды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров