Пьер-Эмиль Хейбьерг “Марсель” сапын толықтыруға жақын.
Инсайдер Фабрицио Романоның айтуынша, француздық клуб ойыншы үшін “Тоттенхэмге” 14 млн еуро төлейді.
28 жастағы Дания құрамасының ойыншысы ағылшындық ұжымдағы 2025 жылдың шілде айында аяқталатын келісімшартын ұзартпаған.
Еске салсақ, соңғы рет “Хэтафе” сапында жалпы алғанда 129 ойын өткізіп, 25 гол соққан Мэйсон Гринвуд Хейбьергтен бұрын Олимпик ұжымының сапын толықтырған болатын. Футболшының трансфері сол сәтте 26 млн еуроға бағаланды.
Біздің серіктес: FONBET