Жарнама
Жарнама

Холанд алаңға оралуға дайын

10.05.2025, 09:00

"Манчестер Сити" клубының шабуылшысы Эрлинг Холанд жарақатынан кейін қайта алаңға оралуға дайын екенін бас бапкер Пеп Гвардиола мәлімдеді.

Жарнама
Жарнама

24 жастағы Норвегиялық ойыншы наурыз айында Англия Кубогындағы "Борнмутқа” қарсы кездесуде алған тобық жарақатынан кейін қатардан шығып қалған еді. 

"Вулверхэмптонға" қарсы матчта (1:0) ол қосалқы құрамда болды, бірақ алаңға шықпады. Гвардиола болса, "Саутгемптонға” қарсы алдағы матчта оның құрамда болатынын растады, бірақ негізгі құрамда шығатыны белгісіз.

Холанд биылғы АПЛ-да 28 матчта 21 гол соққан. Ол бұл турнирде үш маусым қатарынан 20+ гол соғып Рууд ван Нистелроойдың көрсеткішін қайталаған болатын.

Ол Премьер лигадағы соңғы ойынын наурыздың 15-інде, "Брайтонға” қарсы өткізген. Сол ойында пенальтиден гол соғып, лигадағы 100-ші нәтижелі әрекетіне (84 гол, 16 пас) қол жеткізді.

Бұл межені Холанд небәрі 94 ойынның ішінде бағындырды. Бұл Премьер лига тарихындағы ең жылдам көрсеткіш.

Холанд ESPN арнасына биылғы маусым жайлы былай деп сұхбат берді: 

"Себеп табуға болады жарақаттар, қиын сәттер, бірақ біз өзіміз жеткілікті деңгейде ойнаған жоқпыз. Мен де командамды жеткілікті деңгейде көмектесе алмадым." — деді ол.

Гвардиола бұл пікірге былай деп жауап берді:

"Егер бұл — Эрлингтің ойы болса, онда ойыншылар бір-бірімен сөйлесіп, өздерінен неге бұлай болғанын сұрасын."

Холандтың қайта оралуы маусымның шешуші кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр:

"Манчестер Сити” Премьер лигада 3-орында, 6-орындағы "Ноттингем Форесттен" 3 ұпай алда.

Команданың басты мақсаты Чемпиондар Лигасына жолдама алу.

Мамырдың 17-сінде команда FA Cup финалында "Кристал Пэласқа” қарсы ойнайды.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров