Холанд Англия Кубогынде тіркелген тарихи нәтижені қайталады

“Манчестер Сити” шабуылшысы Эрлинг Холанд 1970 жылдан бері алғаш рет Англия Кубогынде пента-трик жасаған футболшы болып тіркелді, деп жазады Аладоп.кз.

Футболшы “Лутон Таунға” қарсы кездесуде қарсылас қақпасына бес гол соқты. Айта кететіні, норвегиялықтың өз атына жазған 5 голының 4 соғылуына Кевин де Брюйненің нәтижелі пастары тікелей сеп болды. 

Англия Кубогынде 5+ гол соққан алғашқы ойыншы ретінде Джордж Бест танылған. Ол кезінде “Нортхэмптон” қақпасынан алты рет саңылау тапқан.

Кубоктің бірінші кездесуінде-ақ 5 гол соққан Холанд турнирдің сұрмергендер көшінде бірден 2 орынға көтерілді. Көш  басында 6 голмен “Блэкберн” ойыншысы Сэмми Смодич тұр.