Хромтау қаласындағы "Горняк" стадионында алдағы футбол маусымына дайындық барысын пысықтаған жоспарлы инспекция өтті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бұл тексеріс "Хромтау" клубының Қазақстан футбол федерациясының аясындағы дебюттік маусымы алдындағы маңызды қадам болды.
kff.kz мәліметінше ҚФФ комиссиясы спорт нысанының инфрақұрылымын 2026 жылғы жаңартылған Регламент талаптарына сәйкестігін жіті тексерді. Инспекция кезінде мамандар қауіпсіздік пен жайлылықтың ең маңызды тұстарына тоқталды:
– Ойын алаңы
– Киім ауыстыру бөлмелері
– Техникалық аймақтар мен мінбелер
– Медиа-инфрақұрылым
Тексеріс қорытындысы бойынша "Горняк” стадионының инфрақұрылымы ресми матчтарды өткізуге қажетті негізгі стандарттарға сай деп танылды. Сарапшылар нысанның кәсіби командаларды қабылдауға дайындық деңгейінің жоғары екенін ерекше атап өтті.
Біздің серіктес: FONBET