Жарнама
Жарнама

Хусрав өзіне көп алады

Донецкілік “Шахтер” сапында өнер көрсетуге дейін мүмкіндік алған тәжік Хусрав Тоировтың мінезі ауыр екен. Осы себептенде ол украиналық клубта сыйыспады.

Жарнама
Жарнама

Тәжікстанның Данғара деген шағын аумағында туып-өскен Тоировтың бағы Қазақстанда ашылды. “Жасылдар” үшін өткізген алғашқы маусымында жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленген Хусрав көп ұзамай Украина грандына айналған донецкілік “Шахтерден” ұсыныс алды. Сол сәтте ойыны жүріп тұрған тәжіктің қол-аяғына тұсау салмай оның жаңа командаға ауысуына жағдай жасаған “Атыраудың” Тоировқа қолдауын ерекше атап өткен жөн. Жанкүйерлер футболшының кеткенін қаламай клубқа жекелей жазғаннын өзінде “жасылдар” ұжымының басшылығы Хусравтың кеткені өзі үшін жақсы екендігін түсіндіріп бере алды. Сөйтіп 2023 жылдың наурыз айында тәжік 300 мың еуроға “Шахтер” сапын толықтырды. Қазақстандық БАҚ өкілдері елімізден жырақтап кеткен Тоировты назардан тыс қалдырмады. Футболшының әр ойыны сайын нәтиже күтіп, жаңалық жариялап отырған журналистер қауымы тәжіктің ауыр мінезін байқай бастады. Алғашында Хусрав Ресей құрамасының Сербияға қарсы жеңісті кездесуіне байланысты жазылған постқа лүпіл басып, басы дауға қалды. Украинадағы болып жатқан соғыстың кесірі мен кесапаты орыстардың жерге қызыққан ашкөздігінің көрінісі екенін негізге алсақ, Тоировтың қару кезеген халықты әлеуметтік желіде қолдауы олар үшін кешірімге келмес әрекеттердің бірі еді. Дәл солай болды да… Хусрав бір лүпіл үшін бір айлық жалақысын алмады. Осыдан кейін ол “Шахтер” жанкүйерлері арасында абыройын түсіріп алды. Бұның барлығы психологиялық тұрғыдан Тоировқа кері әсерін тигізіп, оның ойын деңгейінің түсіп қалуына сеп болды. Нәтижесінде Хусрав донецкілік команданың дубліне кетті. Онда да жарытып ойнамады. Онымен қоймай ойыншы өзің басқалардан жоғары санап құрамадағы орнынан да айырылып қалды. Еске салсақ, Азия Кубогынде кішігірім сенсация жасаған ұжым сапында Тоировтың болмағанын айта кетейік. Мұрнын шүйірген футболшыны құрама бапкері Петр Сегрт соңғы сәтте шақырмай сабақ берді. Оның орнына командаға “Атыраудың” тағы бір тәжік жартылай қорғаушысы Фатхулло Олимзода дебют жасады. Танымал украин бапкері Виталий Левченко Хусравтың өзімшіл, командалық ойыны жоқ футболшы екенін тілге тиек еткен. Соның дәлелі Азия Кубогы турнирі екеніне көзіміз жетіп отыр. Құрамға да, командаға да сыйыспаған Тоиров қателіктерімен жұмыс жасау барысында талантын ашқан “Атырауға” қайта оралды. Бір айдан астам уақыт аралығында жасыл алаңға шықпаған Хусрав бүгін “Атырау” сапында қайта дебют жасауы мүмкін. Виталий Жуковский клубы Лига Кубогы аясында семейлік “Елімайда” қонақта болады. “Атыраудың” ойын алды жаттығуына қатысқан футболшы бапкер ойынша бабында болса, неліктен алаңға шықпасқа.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: