Жарнама
Жарнама

Кике Сетьен «Барселонаны» сотқа берді

30.11.2020, 21:22
Сетьен клубтың заңсыз әрекеті үшін өтемақы талап етуде.
Жарнама
Жарнама

"Барселонаның" бұрынғы бас бапкері Энрике Сетьен каталондық клубқа қарсы сот ісін бастады, деп хабарлайды AS. Бапкер каталондық клубтан жұмыстан шығарғаны үшін өтемақы алғысы келеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, "Барселона" Сетьенді жаттықтырушылық міндетінен босатқаннан кейін арада бір ай өткен соң ғана мұны ресми түрде рәсімдеді. Сетьеннің адвокаттары клубтан өтемақы ретінде 4 миллион еуро талап етеді. Ол "Барселонаның" президенті Хосеп Мария Бартомеу жұмыстан шығару шарттары туралы ешқашан айтпағанын мәдімдеді.

17 тамызда "Барселонаның" баспасөз қызметі Энрике Сетьеннің каталондық клубтың бас бапкері қызметінен кететіні туралы хабарлады. Отставкаға клубтың нашар нәтижелері себеп болды.

Сетьен 2020 жылдың 13 қаңтарында "Барселонаның" бас бапкері атанды, ол жұмыстан шығарылған Эрнесто Вальверденің орнына тәлімгер болды. Сетьеннің басшылығымен каталондық клуб Испания чемпионатында екінші орынға ие болып, Чемпиондар лигасында ширек финалға дейін жетіп, онда Мюнхеннің "Бавариясына" 2:8 есебімен есе жіберді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров