"Реал Мадрид" жұлдызы бүгінгі "Қайратқа" қарсы матча қатыспауы мүмкін.
AS басылымының мәліметінше, Хаби Алонсо команданың басты жұлдызы Килиан Мбаппеге демалыс бермек. Франциялық форвард негізгі құрамнан тыс қалуы ықтимал. Оның орнына шабуыл шебінде Винисиус Жуниор мен Франко Мастантуоно алаңға шығып, мүмкін болса, оларды Гонсало Гарсия толықтыруы ықтимал.
Орта алаңда болса, Алонсо тактикалық өзгеріс енгізіп, төрт жартылай қорғаушысы бар жүйеге көшуі мүмкін. Бұл ретте Джуд Беллингем негізгі құрамда алаңға шығып, Орельен Чуамени мен Арда Гүлермен бірге орталықты күшейтуге жауапты болады деп күтілуде.
Мбаппе маусым басынан бері команданың барлық жеті лига ойынына қатысып, орта есеппен 88 минуттан алаңда өткізген. Сондықтан оны аздап тынықтырып, алдағы маңызды матчтарға сақтап қалу Алонсо үшін қисынды шешім болмақ.
Біздің серіктес: FONBET