Жарнама
Жарнама

Килиан Мбаппе Чемпиондар Лигасы тарихында қанша гол соққан?

“Реалдың” француз шабуылшысы неліктен бұл турнирдің үздігі саналады?

Жарнама
Жарнама

Жалпы Килиан Мбаппе Чемпиондар Лигасында 88 матч өткізіп, 57 голдың авторы атанған. Француз “Монако” командасымен бірге 2016 жылы кәрі құрлық турнирінде дебют жасаған уақыттан бері тұрақты түрде қанжығасын голмен майлап келеді. Қазірде 26 жастағы шабуылшы Чемпиондар Лигасы тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде 6 орынға жайғасқан. 

Мбаппенің клубтардағы статистикасы:

“Монако”: 9 матч, 6 гол

“ПСЖ”: 64 матч, 42 гол

“Реал”: 15 матч, 9 гол

Килиан Чемпиондар Лигасында Криштиану Роналду мен Лионель Мессимен салыстырғанда, 40 гол соғу үшін 59 матч қажет болған. Ал Мессиге бұл көрсеткішті еңсеру барысында 61 ойын керек болыпты. Криро тіптен 40 голын 82 ойында бірақ тіркепті. Француз одан тағысы, алғашқы 10 және 20 голдарын қос феноменге қарағанда, жылдам соққан.

Мбаппе Еурокубоктің басты турнирінде бас-аяғы 10 рекорд тіркеген. 26 жастағы шабуылшы Чемпиондар Лигасында гол соққан ең жас француз мәртебиесінен бастап,   плей-офф сатысында төрт ойын қатарынан гол соқан ең жас футболшы деген атаққа лайық деп танылды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: