Жарнама
Жарнама

Килиан Мбаппе Лионель Мессидің рекордын жаңартты

08.12.2021, 15:11
Кешегі матчта қос футболшы да екі голдан соқты.
Жарнама
Жарнама

УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің соңғы турында «Пари Сен-Жермен» өз алаңында «Брюгге» клубын қабылдады. Кездесу Париждегі (Франция) «Парк де Пренс» стадионында өтіп 4:1 есебімен аяқталды.

Бұл матчта дубль жасаған ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе өзінің Чемпиондар лигасындағы 30-шы голын соқты. Мбаппе бұл көрсеткішке 22 жас 352 күнде жетті. Осылайша, француз шабуылшысы Чемпиондар лигасында 30 гол соққан ең жас ойыншы атанды, ол өзінің әріптесі Лионель Мессидің (23 жас 131 күн) рекордын жаңартты.

11 ұпай жинаған париждік клуб А тобында екінші орынға ие болып, турнирдің плей-офф кезеңіне шықты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров