Мадридтік “Реалдың” жұлдызы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы турда “Марсельді» 2:1 есебімен жеңгеннен кейін матч жайлы пікір білдірді. Француз форварды екі голды да пенальтиден соғып, кездесудің үздік ойыншысы атанды.
“Ойын мені таңғалдырды ма? Жоқ, мен “Марсельді” жақсы білемін, олардың матчтарын көрдім. Біз кездесуді сенімді бастадық, допты жақсы бақыладық. Олар бірінші голды біздің қателігімізден соқты, бірақ біз тез жауап қайтардық.” – деді Мбаппе Canal+ арнасына берген сұхбатында.
Мбаппе “Реалдың” екінші таймда басымдықты өз қолына алғанын және алаңдағы бір ойыншыны жоғалтқандарына қарамастан, өз мүмкіндіктерін күткендерін атап өтті:
“Біз білеміз, “Бернабеуда” әрдайым өз мүмкіндігің келеді, тіпті 10 немесе 9 адам болып қалсаң да. Солай болды да: біз пенальти алдық, гол соқтық және жеңіске жеттік. Бұл маусымды керемет бастау болды.” – деді ол.
Сондай-ақ ол қарсылас қорғаушысы Леонардо Балердимен болған дуэльге де тоқталды:
“Көптеген қорғаушылар мені ойынан шығарып тастауға тырысады, Балерди де соны істеді. Бірақ мен мұндайға үйреніп кеттім. Ең бастысы назарымды жоғалтпау. Бүгін мен екі гол соғып, жеңіспен кетіп барамын, қуаеыштымын.”— деп сөзін аяқтады Мбаппе.
Біздің серіктес: FONBET