Франция құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстанды 8:0 есебімен жеңді.
Бұл кездесуде француз шабуылшысы Килиан Мбаппе покер жасады. 22 жастағы шабуылшы 1958 жылдан бері бір матчта төрт гол соққан алғашқы француз ойыншысы атанды. Соңғы рет Жюст Фонтейн Германия қақпасынан төрт мәрте саңылау тапқан еді.
Ал Карим Бензема Франция құрамасының тарихындағы бомбардирлер тізімінде бесінші орынға көтерілді.
Қазақстан қақпасына (8:0) соққан қос голдың арқасында Бензема Давид Трезегеден озып кетті. Қазір Каримде 35 гол болса, Трезегеде ұлттық құрама сапында 34 гол соққан.
Франция құрамасының тарихындағы ең үздік сұрмергендер тізімі:
Француздар 15 ұпай жинап, Н тобында көш бастады. Олар іріктеу кезеңінің аяқталуына бір тур қалғанда 2022 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды. Қазақстан үш ұпаймен соңғы, бесінші орынға жайғасты.
Біздің серіктес: FONBET