Килиан Мбаппе “Реал” сапында 9 нөмірде өнер көрсетуі мүмкін

Француздың өзі 10 нөмірді қалап отыр. Алайда бұл нөмір хорват Лука Модричке тіркелген. 

Егерде Лука Модрич жазда корольдік клубтан кететін болса, онда 10 нөмір Килиан Мбаппеге беріледі. Бірақта хорватиялық жартылай қорғаушы мадридтік ұжымда тағы бір маусымда аялдағысы келеді екен. Сондықтанда француз уақытша 9 нөмірмен жүре тұрады.

Модричтің кетуі біраз ойыншының өзі қалаған нөміріне қол жеткізуіне мүмкіндік туғызады. Мәселен 10 нөмірді Килиан Мбаппе алса, 9 нөмірді жас ойыншы Эндрик алады.

Айта кетейік, “Реалда” өз заманында Роналдо Луис Назариу ди Лима 9 нөмірде өнер көрсеткен. Ол Эндриктің отандасы. Сол себептен жас ойыншы феноменнің жолын жалғау мақсатында аталмыш нөмірді алғысы келетіні таңғаларлық жайт емес. 

Материалда: