Франция құрамасы мен ПСЖ клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе RMC Sport басылымына берген сұхбатында өткен жазда командадан кеткісі келгенін айтып берді.
"Ия, мен Пари "Сен-Жерменнен" кетуді қаладым. Бұл жағдай шілдеде орын алды, мен келісім-шартты ұзартқым келмеген сәттен бастап, клуб орныма сапалы футболшы алсын деп мені сату арқылы ақша жинасын деп ойладым.
Мен ПСЖ басшыларымен арамыздағы сыйластықты жоғалтқым келмеді: мен оларға "егер кеткенімді қаламасаңдар мен қаламын" дедім.
Маған клуб басшылығының "Килиан тамыздың соңғы аптасында кетуді сұрап жатыр" деген сөзі ұнамады. Осыдан кейін мен өзімді өтірікші сияқты сезіндім. Шындығына келсек, мен оларға клубтан кеткім келетіні туралы шілде айының соңында хабарладым.
Мен шілдеде клуб басшылығынан кетуді сұрадым, бірақ менің келісім-шартты ұзарту туралы 7 ұсыныстан бас тартқаным туралы әңгіме шындыққа жанаспайды.
"Пари Сен-Жермен" маған көп нәрсе берді, мен оны білемін. Мен мұнда өткізген төрт жыл ішінде әрқашан бақытты болдым және әлі де бақыттымын", - деді Мбаппе.
Біздің серіктес: FONBET