Жарнама
Жарнама

Килиан Мбаппе тізе жарақатын алып қалды

Француз шабуылшысы “Реал” сапынан 3 аптаға дейін шығып қалды.

Жарнама
Жарнама

Футболшы өткен аптаның сәрсенбі күні жаттығу барысында тізесінің бұлшықеттерін ауыртып алған. Дәрігерлердің дерегінше, Килиан 3 аптаға дейін қатардан шыққан екен. Ол өз командасының Примерадағы “Бетис” пен Суперкубок финалындағы “Атлетикоға” қарсы ойындарынан шет қалады. 

Айта кетейік, Килиан Мбаппе өткен жыл қорытындысы бойынша 66 гол соғып, Харри Кейн, Эрлинг Холанд сынды сұрмергендерді артқа тастады. 

Еске салсақ, Испания Суперкубогының шешуші кездесуі 9 қаңтар күні “Кинг Абдулла” стадионында өтеді деп жоспарланған. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: