Жарнама
Жарнама

Килиан Мбаппе жазда «Реал Мадридке» ауысады

01.02.2022, 00:24
Футболшы бұл туралы «Реал Мадридпен» болатын матчтан кейін хабарлайды.
Жарнама
Жарнама

«Пари Сен-Жермен» және Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе жазда «Реалға» ауысады, деп хабарлайды Bild басылымы.

Дереккөздің хабарлауынша, 23 жастағы француз футболшысы испаниялық клубпен келісім-шарт мәселесін талқылап үлгерген. Мбаппе «Реалға» еркін агент ретінде ауысады және жылдық жалақысы 50 миллион еуроны құрайтын болады. Осылайша, Килиан әлемдегі ең көп жалақы алатын ойыншы атанбақ.

Еске салайық, Мбаппе «Пари Сен-Жерменге» 2017 жылы «Монакодан» ауысты. Осы маусымда француз шабуылшысы ел чемпионатының 20 ойынына қатысып, 10 гол соқты, 9 нәтижелі пас берді. Мбаппенің париждік клубпен келісім-шарты алдағы жазда аяқталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров