Жарнама
Жарнама

Әкім командамен бірге

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков “Ордабасы” командасының жағдайына қашанда болсын алаңдаушылық білдіретінін жеткізді.

Жарнама
Жарнама

Қала басшысы өзінің инстаграм-әлеуметтік желісінде әкімдіктің қолдауы барысында “Ордабасы” жаңа маусымды қарызсыз бастағанын алға тартты. Онымен қоса, Ғабит Сыздықбаев бұрынғы басшылықтың былығы команда абыройына нұқсан келтіргенін де мысал етті.

“Клубтың бұрынғы басшылығы қалалық спорт басқармасы мен директорлар кеңесінің келісімінсіз ойыншылардың кұның асыра бағалап, ұзақ мерзімді келісім-шарттын, уақытын негізсіз белгілегені анықталды. Соның салдарынан клубта 2 млрд теңгеден астам қаражат тапшылығы туындады. Әкімдік тарапынан 4,3 млрд теңге, ал демеуші тарапынан косымша 1 млрд теңге бөлінген. Осыған байланысты маусым ортасында клуб құрылымында кадрлык езгерістер орын алды”.

Мегаполис әкімі қаржылық қатаңдықты талап ететін жаңа жүйені алдағы уақытта қалыптастыру арқылы “Ордабасыға” келген футболшылардың шығыны мен жалақысына шектеу орната аламыз дейді. 

 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров