Жарнама
Жарнама

Киммих бапкерінің жағасынан алды

20.02.2024, 17:00

«Бавария» бапкері Томас Тухель мен Иозуа Киммихтің қарым-қатынасы бұзылып барады. «Бохумнің» «шапалағынан» кейін мюнхендік команданың жартылай қорғаушысы бапкерлік құрамдағы Жолт Левке дүрсе қоя берген.

Жарнама
Жарнама

«Бавариядағылардың» барлығының жүйкесі жұқарған секілді. Горетцканың пікірінен кейін тағы бір әңгіменың шеті шығып жатыр. Бохуммен болған ойыннан кейін Киммих біраз жанжал шығарып, бапкерлік құрамның екі аяғын бір етікке тыққан екен. Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Тухель келгелі дұрыс болмай жүрген көрінеді.

Юлиан Нагельсманның «оң қолы» болған футболшы қазір өзін керексіз сезінеді. Сондықтан, Киммих жазда клуб ауыстыруға бел буып отыр деген ақпарат бар.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров