“Оқжетпес” бас бапкері күтпеген жерден баспаналы болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
“Оқжетпес” өз алаңында Павлодарлық “Ертісті” қабылдап, тартысты өткен кездесуде 2:1 есебімен басым түскен болатыр. Осы жеңістен кейін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов команданың жетістігін ерекше атап өтті.
Өңір басшысы клубтың бас бапкері Ринат Алюетовке Көкшетау қаласынан жаңа қызметтік пәтердің кілтін табыстады. Бұл сыйлық — бапкердің команданы алға сүйреп, өңір футболын дамытуға қосып жатқан еңбегіне берілген лайықты баға болса керек.
Біздің серіктес: FONBET