Жарнама
Жарнама

Кипр мен Грузия чемпионатында доп тепкен қазақстандық футболшы «Атырауға» ауысты

11.02.2022, 13:46
Футболшы өткен маусымда екі клубта өнер көрсетті.
Жарнама
Жарнама

«Атырау» 27 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Магомед Парагульговпен келісім-шартқа отырды.

Парагульгов өткен маусымның бірінші жартысын «Ақжайықта» өткізді, кейін грузиялық «Торпедо Кутаиси» клубына ауысты. Бірақ ол жақта бар болғаны алты ай ойнап, келісім-шарт мерзімі біткен соң Қазақстанға оралды. Ол «Торпедо» сапында 8 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.

Бұған дейін Магомед кипрлік «Эрмис», қызылордалық «Қайсар», павлодарлық «Ертіс» және алматылық «Қайрат» секілді клубтарда да өнер көрсеткен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров