Жарнама
Жарнама

Кипрлік клуб Испанияның қақпасына дубль салған қазақстандықтың шеберлігіне тәнті

17.10.2024, 15:58

Ғалымжан Кенжебек намысын қорғайтын кипрлік «Акритас Хлоракас» клубы қазақстандық жартылай қорғаушының Испаниямен болған ойындағы шеберлігіне тәнті болды.

Ғалымжан Кенжебек голын тойлауда
Жарнама
Жарнама

Жастар арасында өтетін Еуро-2025 іріктеуінде Қазақстан сырт алаңда Испаниядан 4:3 есебімен ұтылды. Ал Ғалымжан Кенжебек бұл бәсекеде дубльдің авторы атанды.

«Біздің футболшымыз Ғалымжан Кенжебекті Қазақстанның 21-жасқа дейінгі құрамасының қатарындағы керемет ойынымен құттықтаймыз! Испания U21 құрамасының қақпасына екі гол соғу үлкен жетістік және біз мұнымен мақтанамыз! Жарқырауыңды жалғастыра бер, Кенжебек әрі «Акритасты» халықаралық аренада қуанта бер», - делінген кипрлік клубтың баспасөз-қызметінің жазбасында.

Қазақстанның Испаниямен өткен матчында Ғалымжаннан бөлек тағы Данил Анкудинов та мергендік танықтқан еді. Айта кетейік, Ғалымжан Кенжебек «Қайраттың» түлегі саналады. Жартылай қорғаушы осы маусымның бірінші жартысын «Жеңістің» құрамында өткізді. Сондай-ақ, ол өзінің мансабында «Мақтаралдың» жейдесінде де доп тепкен болатын. Қазақстандық футболшы кипрлік клуб сапына осы күзде ауысып, өзінің екінші кездесуінде-ақ дубль авторы атанды.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров