Жарнама
Жарнама

Кирилл Кекер: «Бүгінгі жеңіс – ойыншылардың еңбегі»

10.07.2022, 17:03
Алматылық клуб осы айда еурокубоктегі жорығын бастайды.
Жарнама
Жарнама

«Қайраттың» бас бапкері Кирилл Кекер Қазақстан кубогі аясында «Ордабасымен» өткен кездесуге (2:0) қатысты пікір білдірді.

- Біз өте мықты және ұйымшыл командаға қарсы ойнадық. Біздің бүгінгі міндетіміз Кубоктағы ойынды сенімді түрде бастау үшін жеңіске жету болды, өйткені біздің тобымызда мықты командалар бар және бізді еурокубок ойындары күтіп тұр. Күнтізбе өте тығыз және дәл қазір сүрінуге болмайды.

Бүгін біз жақсы орындаған дүниелер болды, бірақ ойын сапасы бойынша ең жақсы матчтарымыз әлі алда деп ойлаймын. Атқарылатын жұмыстар мен жақсартуды қажет ететін эпизодтар көп.

Бүгінгі жеңіс - ойыншылардың еңбегі, сол үшін оларға алғыс айтамын. Олар жаттықтырушылар штабының ойын алдында қойған тапсырмаларын орындады. Клубтың барлық ойыншылары мен жанкүйерлерін жеңісімен құттықтаймын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров