«Қайраттың» бас бапкері Кирилл Кекер «Кишвардаға» қарсы өтетін жауапты матч туралы пікір білдірді:
- Қазақстан мен Венгрияның бір-бірінен алыс екені анық, бірақ алыс біз сапарды ұйымдастырудың ең жақсы шешімін таңдадық. Бір аптаға бұрын өткен бірінші матчқа көз жүгіртсек, әрине, нәтижеге көңіліміз толмады, бірақ ойын сапасына қарасаңыз, бізде гол соғатын мүмкіндіктер көп болды. Алайда жоспарлағанымыздың бәрі орындалмады. Содан кейін біз Қазақстан кубогінде бір ойын өткіздік, бақытымызға орай, матч өз алаңымызда бооғандықтан, ешқайда барудың қажеті болмады. Бұл кездесуде жас ойыншыларға мүмкіндік бердік. Бұл клуб стратегиясының бір бөлігі, сондықтан «Кишвардаға» қарсы ойнайтындар Кубоктік ойында демалады дегенді басшылыққа алған жоқпыз.
Қазір «Кишварданың» мүмкіндігі көбірек, 60-та 40 десем де болады. Бүгінгі ойында ерте соғылған гол жағдайды айтарлықтай өзгерте алады. Осыған сүйене отырып, біз қызықты матч болады дегнн үміттеміз.
Біздің серіктес: FONBET