Жарнама
Жарнама

Кирилл Кекер: «Келесі қарсыласымыз біз үшін жұмбақ команда болып табылады»

15.07.2021, 05:15
«Црвенаға» қарсы алғашқы матч Алматыда 20 шілде күні өтеді. Жауапты матч 27 шілдеге жоспарланған.
Жарнама
Жарнама

«Қайрат» клубының бас бапкерінің міндетін атқарушы Кирилл Кекер «Маккаби Хайфаға» қарсы өткен жеңісті ойын (2:0) жайлы пікір білдірді:

– Ойыншыларға үлкен рахмет, олар өте көп жұмыс атқарды және біздің осы матчқа арналған жоспарларымызды орындауға тырысты.

Жанкүйерлерге де үлкен алғысымды білдіремін, олар бүгін керемет атмосфера жасады, біз олардың қолдауларын сезіне білдік. Барлығыңызды алдағы ойындарға шақырғым келеді, өйткені сіздер біздің командаға қажетсіздер!

Енді біз бар назарымызды «Каспийге» қарсы өтетін Қазақстан Кубогінің ойынына аударамыз, сонымен қатар «Црвена Звезданы» зерттеп, сол ойынға да дайындық жасаймыз, себебі олар біз үшін жұмбақ команда.

Барлығыңызды жеңіспен құттықтаймын!

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров