Жарнама
Жарнама

Кирилл Кекер: «Қарсылас мықты, бірақ ешкімнен қорықпаймыз»

21.06.2021, 02:58
«Қайрат» ЧЛ-ның алғашқы іріктеу кезеңінде «Маккаби Хайфа» клубымен күш сынасады.
Жарнама
Жарнама

"Қайрат" бас бапкерінің міндетін атқарушы Кирилл Кекер "Тұранға" (3:0) қарсы өткен ойын туралы пікір білдірді.

- Кирилл Сергейұлы, жеңісіңіз құтты болсын! Үлкен жетістікке жеткеннен кейін өзіңізді қалай сезінудесіз?

- Үлкен рахмет! Эмоциялар аралас: бір жағынан біз жеңдік, бұл керемет, екінші жағынан әлі жұмыс істеуді қажет ететін эпизодтар бар. Ойыншыларға рахмет - олар керемет ойнады.

- Арсен Буранчиев өзінің дебюттік голын сізбен бөліскісі келді. Бұл сіздің артқан сеніміңізге деген ризашылық па?

- Бұл туралы Арсеннен сұраған жөн (күледі). Ойын уақытын алатын жас ойыншылар оны мүмкіндігінше дұрыс пайдалануға тырысып, ойынға жаңа динамика мен күш қосқанына қуаныштымын.

- Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі жеребе туралы не айтар едіңіз?

- Біз ойыннан-ойынға жылжимыз. Әр ойынға жақсылап дайындаламыз. Қарсылас мықты, біз оны құрметтейміз, бірақ ешкімнен қорықпаймыз. Футбол алаңы мен ең мықтыны анықтайтын екі матч бар.

Осы мүмкіндікті пайдаланып, біздің жанкүйерлерге өтініш айтқым келеді. Келесі матчта біз "Каспиймен" ойнауымыз керек. Орталық стадионға келіп, командаға қолдау көрсетіңіз, бізге сіздің қолдауыңыз қажет!

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров