Алматылық «Қайраттың» ойыншылары Александр Кислицын мен Дмитрий Хомич клубтарын ауыстырды.
Қорғаушы Александр Кислицын алдағы маусымда «Ертістің» намысын қорғайтын болады. Қазақстанның бес дүркін чемпионы сапында барлық оқу-жаттығу жиынына қатысқан Кислицын бүгін павлодарлық клубпен келісім-шартқа отырды.
Ал қақпашы Дмитрий Хомич Ресей чемпионатына қайта оралды. 30 жастағы мәскеулік «Спартак» пен «Аланияның» бұрынғы голкипері 2014/2015 жылғы маусым аяқталғанша «Амкармен» келісім-шартқа отырды.