«Боруссияның» бас бапкері Юрген Клоппқа Пьер-Эмерик Обамеянгтың голды қалай тойлағаны ұнамай қалған екен.
Естеріңізде болса, Германия чемпионатында дортмундтықтар «Шалькені» қабылдады. 77-ші минутта Обамеянг есеп ашты, сөйтіп голды тойлау үшін ол Марко Ройспен бірге Бэтмэн мен Робиннің костюмін киіп алған болатын.
Ал бұл оқиғаға байланысты Клопп Bild басылымына былай деді: «Стадионда бетперде жасырғанына қарағанда Обамеянг гол салатынына сенімді болған ғой. Дегенмен осы туралы өзімен сөйлесуім керек».