Жарнама
Жарнама

“Клубтар арасындағы әлем чемпионаты Чемпиондар лигасынан да маңызды” деді Челси ойыншысы

15.07.2025, 15:30

"Челси" клубының қорғаушысы Левай Колуилл командасының клубтар арасындағы әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін турнирді Чемпиондар лигасынан да маңызды деп атады. Лондондықтар финалда ПСЖ-ні 3:0 есебімен жеңген болатын.

Жарнама
Жарнама

"Турнир басында біз бұл жарысты жеңеміз деп айтқан едім, сол кезде адамдар маған жынды адамдай қарады. Сондықтан қазір Премьер лига мен Чемпиондар лигасы басталар алдында дәл сол сөзді қайталағым келеді.

Бұл мен жеңіп алған ең ірі трофей. Менің ойымша, Клубтар арасындағы әлем чемпионаты Чемпиондар лигасынан да маңыздырақ бола түседі. Ал біз оны алғаш жеңіп алған команда болдық.” деді Колуилл ESPN арнасында.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров