«Жетісу» клубының бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов отандық клубтардың жекешелендірілуі мен процестің басты кедергілері жайлы ойын айтты.
Естеріңізге салсақ, мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда кәсіби футбол командаларын бюджет есебінен қаржыландыруға шектеу енгізіп, барынша демеушілердің қаражатынан әрекет ету тапсырылған. Осыған сай, «Жеңіс», «Қайсар» бастаған бірнеше клуб жекелеген демеушілердің иелігіне өтті.
«Футболға жекешелендіру керек, демеушілер де қажет деуге болады. Қаражаты көп, жағдайлы адамдар клубты алып жатса, ол нұр үстіне нұр ғой. Бірақ, меніңше барлық клубтарға ондай демеуші табу қиындау болады. Сол үшін әлі де Үкіметтің қолдауы керек бізге, онсыз болмайын деп тұр. Футболдың жекешелендірілуі бір күнде іске асатын дүние емес. Уақыт керек оған кәдімгідей. Күрделі үдеріс. Дей тұрғанмен, уақыт өте барлық клуб жекешелендіріліп жатса, жақсы болады деп ойлаймын. Сол кезде бізде бәсекелесті те артатын еді, клубтардың өздері де ілгері басатын еді», - деді қазақстандық маман «Аладоп.кз» сайтына берген сұхбатында.
«Жетісу» биыл 21 ұпай жинап, турнирлік кестені 12-орынмен аяқтаған болатын. Қайрат Нұрдәулетов Самат Смақовтың орнына келді.
Біздің серіктес: FONBET