Жарнама
Жарнама

Қобыланды стадионына «Ақтөбе» ФК аңыздары қайта оралады!

07.10.2024, 22:09

Ақтөбеде жанкүйерлер асыға күткен ретро футбол өтеді. 13 қазан күні сағат 15:00-де Орталық стадионда "Ақтөбе" аңыздары және "One Game" медиа командасы кездеспек.

Жарнама
Жарнама

Қобыландының жасыл алаңына бірнеше буынның сүйікті ойыншылары өзара шеберлік байқасады. Қазақстанның бес дүркін чемпиондары атанған ақ-қызыл команданың Владимир Мухановтың дәуіріндегі жұлдызды құрам әрбір ақтөбелік жанкүйердің жүрегінің төрінде тұр. Сондықтан сол бір настольгияны еске алғысы келетін барша Ақтөбе жұртшылығын қайырымдылық матчын тамашалауға шақырамыз.

Қайырымдылық шоу-матч “Ақтөбе” футбол клубының қолдауымен жүзеге аспақ. БилеттерTicketon сайтында сатылады. Түскен қаражат “Ақтөбе” жанкүйері Аралбек Ешімовтың еміне жұмсалады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров