Жарнама
Жарнама

КОГАЙ КЕЛДI

07.02.2012, 19:36
Жарнама
Жарнама
Қызылордалық “Қайсар” футбол клубына бас бапкер бекiтiлдi. Бұған дейiн сыр елiнiң футболшыларын баптаған литвалық бапкер Альгимантас Любинскас өз ықтиярымен қызметiнен қол үздi. Клубтың баспасөз хатшысы Сергей Нецдачнидiң айтуынша, бұдан былай “Қайсарды” Сергей Когай баптайды. Бұған дейiн ол шымкенттiк “Ордабасы” клубының қосалқы құрамын жаттықтырған-ды. Когай қызылордалықтар үшiн бөтен емес. Осы өңiрдiң түлегi. Өзi де кезiнде осы қаланың “Мелиоратор” кейiн “Қайсар” аталған клубына доп тептi. Шабуылшы бола жүрiп мерген ойыншы атанды. Кейiн Калининградтың “Балтика”, Алматының “Қайрат” футбол клубында шыңдалды. ҚҰР ҚОЛ ҚАЙТТЫ Өткен жылы Қазақстан кубогiн еншiлеген шымкенттiк “Ордабасы” Түркияда турнирге қатысып, тағы да жеңiлдi. Шешенстанның алғашқы президентi Ахмат Қадыров атындағы турнирдiң iрiктеу кезеңiнде “Ордабасы” Румынияның “Рапид” клубымен тең ойнаған. Пенальти тебуде румындар мықты шығып, 4:2 есебiмен жеңiске жеттi. Кеше “Ордабасы” ойыншылары латыштардың “Даугава” клубымен кездестi. Iрiктеу кезеңiнiң алғашқы ойынында шымкенттiктер Грозныйдың “Терегiнен” 0:1 есебiмен ұтылып қалған болатын. Дайындаған – Қуаныш БАЖАҚ.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров