Жарнама
Жарнама

КӨКЕЕВ «ҚАЙРАТПЕН» КЕЛІСІМ-ШАРТ ЖАСАСТЫ

08.06.2013, 01:20
Жарнама
Жарнама
«Аламан» назарларыңызға бесінші күн, аладоптағы ауыс-түйістерді тікелей жедел жазба түрінде ұсынбақ. Орын алып үлгерген, болмаса орын алуы мүмкін трансферлік жағдайларды жиынтық етіп, ұсынып отырмыз.  Кеттік! «Манчестер Юнайтед» футбол клубының шабуылшысы Уэйн Рунидің лондондық «Арснеалдың» қатарын толықтырып қалуы ықтимал.  27 жастағы шабуылшыға «зеңбірекшілер» жалпы өз қатарларына қосу үшін, «қызыл сойқандарға» 30 миллион фунт бермек, ал Рунидің жалақсын 200 мың фунт қылмақ. Украинаның «Шахтер» командасы «Манчестер сити» клубымен ортақ келісімге келді. «Кеншілер» қатарындағы Фернандиньо енді, алтын түстес, қанатын кеңге жайған бүркітті бейнелеп, төлтаңбасы еткен «Манчестер ситидің» ойыншысы. «Манчестер сити» «Шахтер» арасындағы Фернандиньо үшін берілген сома 40 миллион еуро. Франк Рибери «Бавариямен» арадағы келісім-шарттың мерзімін ұзартты. Жартылай қорғаушы биылғы маусымды керемет деңгейде аяқтады, көптеген голдар мен пастардың авторы атанды. 30 жасқа толған алаңдағы мұсылман ойыншы «неміс машинасының» сапында 2017 жылдың маусым айына дейін ойнайды. «Баварияның» басышлықтары басқада қатардағы ойыншыларды сақтап қалуға тырысып жатыр.  
ИСПАНИЯ ПРИМЕРАСЫНДАҒЫ АУЫС-ТҮЙІС
«БАРСЕЛОНА»
Келді Қай клубтан? Кетті Қайда?
Шабуылшы: Неймар «САНТОС» Қорғаушы: Абидаль (белгісіз)
Болуы ықтимал ауысым.
Келуі мүмкін Қай клубтан? Кетуі мүмкін Қайда?
Қорғаушы: Давид Луис «ЧЕЛСИ» Шаубылшы: Деулофеу «Боруссия Д», «Тоттенхэм»
Жартылай қорғаушы: Ройс «БОРУССИЯ Д» Жартылай қорғаушы: Алькантара «Реал Мадрид», «Манчестер Юнайтед»
Қорғаушы: Фонтас «ПСВ»
Шабуылшы: Вилья «Тоттенхэм»
Шабуылшы: Алксис Санчес «Интер»
Шабуылшы: Боян Кркич «Гамбург»
Қорғаушы: Адриано (белгісіз)
Қорғаушы: Муньеса «Реал Сосьедад»
Жартылай қорғаушы: Афеллай «Шальке»
Жартылай қорғаушы: Серхи Роберто «Тоттенхэм»
Жартылай қорғаушы: Хонатан дос Сантос «Тоттенхэм»
Шабуылшы: Куэнка «Аякс»
«РЕАЛ МАДРИД»
Келді Қай клубтан? Кетті Қайда?
Қорғаушы: Карвахаль «Байер» Қорғаушы: Рикарду Карвалью «Монако»
Қорғаушы: Эссьен «Челси» (жалға беру уақыты аяқталды)
Бапкер: Моуринью «Челси»
Жартылай қорғаушы: Хуанфран Морено «Бетис»
Болуы ықтимал ауысым.
Келуі мүмкін Қай клубтан? Кетуі мүмкін Қайда?
Жартылай қорғаушы: Видаль «Ювентус» Шабуылшы: Игуаин «Ювентус», «Арсенал»
Бапкер: Анчелотти «ПСЖ» Жартылай қорғаушы: Ди Мария «ПСЖ»
Жартылай қорғаушы: Алькантара «Барселона» Жартылай қорғаушы: Кальехон «Малага»
Шабуылшы: Луис Суарес «Ливерпуль» Қорғаушы: Коэнтрау «Монако», «ПСж», «Челси»
Жартылай қорғаушы: Бэйл «Тоттенхэм» Қақпашы: Диего Лопес «Милан», «Ливерпуль», «Монако», «Галатасарай»
Жартылай қорғаушы: Иско «Малага» Жартылай қорғаушы: Хосе Родригес «Байер»
Шабуылшы: Кавани «Наполи» Қорғаушы: Пепе «ПСЖ»
Қорғаушы: Давид Луис «Челси» Жартылай қорғаушы: Хаби Алонсо «Милан»
Шабуылшы: Руни «Манчестер Юнайтед» Шабуылшы: Криштиану Роналду «ПСЖ», «Манчестер Юнайтед».
Бапкер: Хайнкес «Бавария»
«АТЛЕТИКО МАДРИД»
Келді Қай клубтан? Кетті Қайда?
Қорғаушы: Хоес Мария Хименес «Данубио» Фалькао «Монако»
Шабуылшы: Лео Баптистао «Райо Вальекано»
Болуы ықтимал ауысым.
Келуі мүмкін Қай клубтан? Кетуі мүмкін Қайда?
Шабуылшы: Освальдо «Рома»
Шабуылшы: Бентеке «Астон Вилла»
Шабуылшы: Кардосо «Бенфика»
Шабуылшы: Халк «Зенит»
Шабуылшы: Алехандро Гомес «Катания»
Жартылай қорғаушы: Диего «Вольфсбург»
«РЕАЛ СОСЬЕДАД»
Әзірге клубтан келіп-кеткен ойыншылар жоқ
Болуы ықтимал ауысым.
Келуі мүмкін Қай клубтан? Кетуі мүмкін Қайда?
Қорғаушы: Муньеса «Барселона» Қорғаушы: Иньиго Мартинес «Рубин»
Рафаэль Бенитестің «Наполи» командасының тұтқасын ұстағанына көп бола қойған жоқ. Соған қарамастан жылдам өте шығатын осы бір жазғы ауысым барысын пайдаланып қалу үшін барын салып жатыр. Әзірге «Монакодай» белсенді емес, бірақ ойыншыларды шетінен талғап таңдап жатқан жайы бар. Бенитес баптайтын «Наполи» «Реалға» Хосе Кальехонды сатып алу туралы келісім-шарт ұсынды. «Бенфика» футбол клубының жартылай қорғаушысы Пабло Аймар клубтан кететіні жөнінде клуб басшылықтарына өтініш берді. 33 жастағы аргентиналық ойыншы команда да бес маусымға қатысып, 100 ойын өткізді. Португалияда керемет ойын өткізген Аймар Лиссабондық клубпен қош айтысып, өз Отанына қайтып оралмақ. Қарағандылық «Шахтердің» ойыншысы Жамбыл Көкеев «Қайрат» командасымен ресми түрде келісім-шартқа отырды. Жамбыл енді «Қайрат» клубының мүшесі. Трансфер бағасы жарияланған жоқ. Ойыншының алаңға қай нөмерде шығатыны да белгісіз. Осыған дейін ауысым барысына бел шешіп араласпаған түркиялық «Галатасарай» іске енді көшті. «Манчестер юнайтед» клубына Наниді алу туралы ұсыныс тастады. Нани үшін берілетін алғашқы сома 13 миллион еуро. Марио Гетцені қатарына қосқан «Баварияның» сапынан енді Арьен Роббен кетеді деген сыбыс бар. Ойыншының өз қазірден-ақ Мюнхен қаласынан кету үшін бәрін жинап жатыр деседі. Bild сұхбат берген футболшы, кететінін ашық айтапсада, астарлап жеткізген. «Галатасарай» ағылшын алаңында доп теуіп жүрген ойыншыларды қатарына қосып алуға құмар кулбтардың бірі. «Челси» командасымен Оби Микелді сатып алу жөнінде келісімге келіп көрмек. «Парманың» шабуылшысы Искак Бельфодиломмен «Интер» келісім-шартқа отыруға дайын. Тіпті қатарындағы Кассаномен алмастыруға әзір. ЕУРО 2016додасының арнайы таныстырылымы 2013 жылдың 26 мауысымында өтеді деп мәлімет таратты УЕФАның арнайы сайты. Салтанатты кешке УЕФА преиденті Мишель Платини, Франция футболының басшысы Ноэль ле Граэ жәнеде ЕУРО 2016 атқарушы президенті Жак Ламбер сынды азаматтар қатысады деп күтілуде. Еске сала кетейік, ЕУРО 2016 бұрыңғы додалардан қарағанда өзгеше өтпек. Осы үшін ұйымдастырушылар барын салып жатыр. Ойын 10 маусым жәнеде 10 шілде аралығында өтеді. Кездесулер 10 алаңда болады. Ал турнирге 24 құрама қатысады.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров