Жарнама
Жарнама

Көкшетаудағы стадионға қалың көпшілік жиналды

Премьер-лиганың 22-туры аясында өткен “Оқжетпес” - “Қайрат” арасындағы матчта аншлаг болды.

Жарнама
Жарнама

“Қайрат” командасының Көкшетау жеріне келуі “Оқжетпес” фанаттарының қатты қызығушылығын тудырды. Мысалы осы маусымда 4500 мыңдық стадионда қанша кездесу өтсе де, жергілікті команда жанкүйерге толтыра алмаған еді. Алайда бүгін солтүстік ұжымның стадионында ине шаншар жер болмады. 

Айта кетейік, “Оқжетпес” аталған ойынға фанаттарынан билет үшін ешқандай ақы сұрамады. Команданың кезекті кездесуін көремін деген адамға стадион есігі ашық болды.

Бүгін 0:1 есебімен жеңіліс тапқан “Оқжетпес” ішкі чемпионаттың турнир кестесінде 32 ұпаймен 6 орында келеді. Ал “Қайрат” болса, 46 ұпай жинап, көш басындағы “Астанамен” теңесті. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: