Жарнама
Жарнама

Көкшетаулықтар коронавирусқа қарсы көмек көрсетті

25.07.2020, 22:44
«Оқжетпес» футбол клубы қаладағы ауруханаға қаржылай көмек көрсетті
Жарнама
Жарнама

Көкшетаулық "Оқжетпес" футбол клубы коронавирусқа қарсы күреске қаржы бөлді ,-деп хабарлайды Goal.kz

Ойыншылар, жаттықтырушылар штабы және клуб басшылығы медициналық құрал-жабдықтарды, науқастарға арналған дәрі-дәрмектерді және негізгі материалдарды сатып алуға қаражат бөлді.

Жұқпалы аурулар стационары бөлімшесінің меңгерушісі Қабдрашидов Жамбыл Дулатұлы футбол клубына көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді:

- Жеке өз атымнан, әріптестерімнен және көп салалы облыстық аурухана әкімшілігінен "Оқжетпес" футбол клубына материалдық және моральдық көмек ретінде демеушілік көрсеткені үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бізге бөлінген бұл ақшаға қажетті жабдықтар, пульсоксиметрлер, оттегі концентраттары, басқа да медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектерді сатып аламыз. Үлкен рақмет! Бізге жасалған бұл көмекті ешқашанда ұмытпаймыз. Біздер бірігіп бұл ауруды жеңіп шығамыз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров