Жарнама
Жарнама

Колумбиялық қорғаушы Беларусь және ҚПЛ жайлы: бірақ, мұндағы деңгей өте жоғары екен

02.04.2025, 13:57

Қарағандылық «Шахтердің» бұрынғы қорғаушысы колумбиялық Франциско Кампо Беларусь біріншілігі мен Қазақстан чемпионатын салыстырып, өз ойын айтты.

Франциско Кампо
Жарнама
Жарнама

«Жергілікті лиганың деңгейі жоғары. «Минскке» дейін мен Ресейде болғам, бірақ махачкаланың «Динамосында» жолым болған жоқ. Сөйтіп ол жақтан Қазақстанға бардым, Қарағандының «Шахтерінде» ойын тәжіирбесін ала алдым. Беларусьте де Ресей не Қазақстан футболына ұқсас жағдайды кезіктіремін деп ойлағам. Бірақ, мұндағы деңгей өте жоғары екен, «Минск» Жоғары лигада өнер көрсетеді. Чемпионатта бақ сынайтын команда көп, сондықтан лиганы тамашалау қызықты», - деді Ф. Кампо.

Франциско Кампо ҚПЛ-де 23/24 жж маусымда қарағандының «Шахтерінің» сапында өнер көрсеткен. Сондай-ақ, латвияның «Лиепая» және өзінің отанындағы «Патриотас 20» секілді клубтарының намысын қорғаған. Қорғаушының трансферлік құны 75 мың еуро.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров