«Жеңістің» бұрынғы бас бапкері Акис Вавалис ЧЛ жалпы кезеңінің 6-турында болатын «Қайрат» - «Олимпиакос» кездесуі жайлы пікірін айтып, болжамымен бөлісті.
Грекиялық жаттықтырушының ойынша, маңызды матчта пирейлік клуб айқын фаворит саналады.
«Олимпиакос» жеке футболшыларының шеберлігінен де, командалық жағынан әрі бабы жағынан да «Қайраттан» басым. «Қайрат» тәжірибелі команда және екі сызбанұсқа бойынша ойнайды: шабуылдайтын қарсыласқа қарсы қарымта шабуылдарға шығады, «Олимиакосқа» қарсы солай қимылдайды деп күтілуде немесе алаң ортасы арқылы ойнайды. Олардың шабуылшылары жылдам. Олар қарымта шабуылдарға кеңістік іздейді, бірақ, команданың үздік футболшысы Сәтпаев ойнамайды.
Меніңше, «Олимпиакос» - анық фаворит. Команда өз деңгейінде ойнаса, жеңілуі кәдімгідей қиын. Бірақ, «Қайрат» тәжірибелі, олардың екі қорғаушысы Ресей чемпионатында 200-ден аса матчқа қатысқан», - деді грекиялық маман.
«Қайрат» ЧЛ жалпы кезеңінде 5 турдан кейін 1 ұпаймен 35-орынға жайғасуда. Ал «Олимпиакос» еншісінде 2 ұпай. Олар 33-сатыда.
Біздің серіктес: FONBET