Ресей Премьер лигасының 9-турында “Зенит” өз алаңында қазіргі чемпион “Краснодарды” 2:0 есебімен ұтты.
Екінші таймның 60-минутында Максим Глушенков Луис Энрикенің әдемі пасын пайдаланып, қақпашы Станислав Агкацевтің аяқ арасынан допты өткізіп есеп ашты. Ал ойын соңына қарай футболшылар рөлдерін ауыстырды – бұл жолы Глушенков сол қапталдан тамаша ұзақ пас беріп, Энрике баспен соғып, есепті еселей түсті.
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп бұл кездесуде тек 93-минутта алаңға шықты.
Бұл жеңістен кейін Петербургтік клубтың қоржынында 16 ұпай болды және олар турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. Ал “Краснодар” 19 ұпаймен көш басында қала берді.
Келесі турда “Зенит” 27 қыркүйекте “Оренбургті” қабылдайды, ал чемпиондар сырт алаңда “Ростовпен” кездеседі.
Біздің серіктес: FONBET