Мали құрамасының бас бапкері Том Сайнтфит Қазақстан құрамасына алдағы турнирде оңай болмайтынын ескертті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Маман Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан құрамасының болашақ қарсыластарына талдау жасап, күтпеген мәлімдеме жасады.
Сайнтфиттің айтуынша, жанкүйерлер мен сарапшылар Комор аралдары құрамасын жеңіл бағаламауы тиіс. Ол бұл команданың соңғы жылдары керемет өскенін тілге тиек етті.
"Шынымды айтсам, бұл серияның не үшін және неге ұйымдастырылғанын толық түсіне бермеймін. Бірақ соңғы уақытта Комор аралдарының құрамы өте күшейіп кетті. Олардың барлық ойыншылары Еуропада немесе Сауд Арабиясында өнер көрсетеді. Олар Африка Кубогына бірнеше рет қатысып, тәжірибе жинақтаған.” — деді Сайнтфит.
Маман Қазақстанның тағы бір қарсыласы — Намибияға да тоқталып өтті. Оның пайымдауынша, Намибияның деңгейі Комор аралдарына қарағанда сәл төменірек. Оның айтуынша, Намибия шетелде өнер көрсететін кәсіби ойыншылары аз, бірақ физикалық дайындығы жоғары команда.
Бельгиялық бапкер турнирдің мақсатына күмәнмен қараса да, оның пайдалы тұстарын жоққа шығармайды. Сайнтфиттің ойынша, әртүрлі континент командаларының басын қосу — футболдың дамуы үшін жақсы қадам.
"Африка командалары немесе басқа құрлық құрамалары үшін мұндай кездесулер өте қызықты. Бұл — жақсы бастама.” — деп түйіндеді ол.
Біздің серіктес: FONBET