Жарнама
Жарнама

Конфедерация Кубогі. Италия кеңейтілген құрамын жариялады

24.05.2013, 20:46
Жарнама
Жарнама

Италия құрамасының бас бапкері Чезаре Прандели 2013 жылғы Конфедерация Кубогіне қатысуы мүмкін деген ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Биыл бұл дода 15 тамыз бен 1 шілде аралығында Бразилия жерінде өтетін болады. Ал Италия құрамасы А тобында Бразилия, Жапония және Мексика құрамаларымен күш сынасады. Сонымен, Италия құрамасының бас бапкері Чезаре Пранделидің кеңейтілген тізіміне төмендегі ойыншылар кірген.

Қақпашылар: Микаэль Агацци («Кальяри»), Джанлуиджи Буффон («Ювентус»), Федерико Маркетти («Лацио»), Сальваторе Сиригу («ПСЖ», Франция).

ҚорғаушыларИньяцио Абате («Милан»), Лука Антонелли («Дженоа»), Давиде Астори («Кальяри»), Андреа Барцальи («Ювентус»), Леонардо Бонуччи («Ювентус»), Джорджо Кьеллини («Ювентус»), Маттиа Де Шильо («Милан»), Кристиан Маджо («Наполи»), Анджело Огбонна («Торино»), Андреа Раноккия («Интер»).

Жартылайқорғаушылар: Альберто Аквилани («Фиорентина»), Джакомо Бонавентура («Аталанта»), Антонио Кандрева («Лацио»), Алессио Черчи («Торино»), Даниэле де Росси («Рома»), Алессандро Диаманти («Болонья»), Эмануэле Джаккерини («Ювентус»), Клаудио Маркизио («Ювентус»), Риккардо Монтоливо («Милан»), Андреа Пирло («Ювентус»), Андреа Поли («Сампдория»).

Шабуылщылар:  Марио Балотелли («Милан»), Стефан Эль-Шаарави («Милан»), Альберто Джилардино («Болонья»), Себастьян Джовинко («Ювентус»), Пабло Освальдо («Рома»), Марко Сау («Кальяри»).

Айта кетейік, Конфедерация Кубогіне дейін Италия құрамасы 31 мамыр күні Сан-Мариномен, ал 7 маусым күні Чехия құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Дәл осы ойындардан кейін Италия құрамасының бас бапкері Конфедерация Кубогіне кімдер баратынын нақты анықтайтын болады.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай massaget.kz
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров