Жарнама
Жарнама

Конфедерация Кубогы. Бразилия бірінші болып толық құрамын жариялады

24.05.2013, 20:47
Жарнама
Жарнама

Футболдан Бразилия құрамасының бас бапкері Луис Фелипе Сколари өз алаңдарында өтетін Конфедерация Кубогына қатысатын футболшылардың тізімін жариялады.

Бұл тізімге Сколари «Зениттің» шабуылшысы Халкты қосыпты. Сондай-ақ, Неймар, Оскар, Данте секілді жас ойыншылардың есімдері де бұл тізімде бар. Бірақ, бапкер Бразилия құрамасының ардагер ойыншылары Роналдиньо («Атлетико Минейро») мен Кака («Реал»), сондай-ақ  бірнеше жас ойыншылар Алешандре Пато («Коринтианс»), Гансо («Сан-Паулу»), Рафаэль («Манчестер Юнайтед») және Рамиресті («Челси») тізімге енгізбеген екен.

Бразилия құрамасының Конфедерация Кубогына қатысатын толық құрамы мынадай:

Қақпашылар: Диего Кавальери («Флуминенсе»), Джефферсон («Ботафого»), Жулио Сезар («КПР»);

ҚорғаушыларДани Алвес («Барселона»), Филипe Луис («Васко да Гама»), Марсело («Реал»), Жеан («Флуминенсе»), Давид Луис («Челси»), Данте («Бавария»), Ревер («Атлетико Минейро»),Тьяго Силва («ПСЖ»);

Жартылай қорғаушылар: Фернандо («Гремио»), Жадсон («Сан-Паулу»), Эрнанес («Лацио»), Луис Густаво («Бавария»), Оскар («Челси»), Паулиньо («Коринтианс»), Бернард («Атлетико Минейро»);

Шабуылшылар: Фред («Флуминенсе»), Халк («Зенит»), Лукас Моура («ПСЖ»), Неймар («Сантос»), Леандро Дамиао («Интернасьонал»).

Айта кетейік, Бразилия құрамасы Конфедерация Кубогында А тобына түскен. Енді Әлемнің бес дүркін чемпиондары бұл топта Италия, Мексика және Жапониямен күш сынасатын болады.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай massaget.kz
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров