Жарнама
Жарнама

Конференция лигасының өтпелі матчтарында бақ сынайтын жұптар белгілі болды

14.12.2021, 00:25
Алғашқы матчтар 2022 жылдың 17 ақпанында өтеді. Ал жауапты ойындар 24 ақпанға жоспарланған.
Жарнама
Жарнама

Бүгін, 13 желтоқсанда Швейцарияның Ньон қаласында Конференция лигасының плей-офф кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті.

Айта кетейік, плей-офф раундына Конференция лигасының топтық кезеңінде бірінші орын алған командалар тікелей жолдама алды. Олар:  ЛАСК (Австрия), «Гент» (Бельгия), «Рома» (Италия), «АЗ Алкмар» (Нидерланды), «Фейеноорд» (Нидерланды), «Копенгаген» (Дания), «Ренн» (Франция) және «Базель» (Швейцария).

Ал екінші орын алған клубтар Еуропа лигасынан түскен командалармен өтпелі матч өткізеді:

  • «Марсель» (Франция) - «Карабах» (Әзірбайжан)
  • ПСВ (Нидерланды) - «Маккаби» Тель-Авив (Израиль)
  • «Фенербахче» (Түркия) - «Славия» (Чехия)
  • «Мидтъюлланн» (Дания) - ПАОК (Грекия)
  • «Лестер Сити» (Англия) - «Раннерс» (Дания)
  • «Селтик» (Шотландия) - «Будё-Глимт» (Норвегия)
  • «Спарта» (Чехия) - «Партизан» (Сербия)
  • «Рапид» (Австрия) — «Тоттенхэм» (Англия)/«Витесс» (Нидерланды).

Алғашқы матчтар 2022 жылдың 17 ақпанында өтеді. Ал жауапты ойындар 24 ақпанға жоспарланған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров