Жарнама
Жарнама

Константин Горовенко: бұл жобаның ұзақ мерзімді әрі болашағы бары ұнады

11.07.2025, 13:23

Константин Горовенко кешеден бері ресми түрде павлодарлық «Ертістің» спорт директоры саналады.

Константин Горовенко "Ертіс" ФК спорт директоры
Жарнама
Жарнама

Елімізде «Жетісу» сынды біраз командада жұмыс істеген маманмен өміріндегі жаңа белес туралы әңгімелесіп, жоспарлары жайлы білдік.

Қазақстан футболында өзіндік орны бар бапкермен болған сұқбаттан сіздер;

Жаңғырған «Ертіс» жайлы

Константин Горовенконың «Ұлытаудан» неге бас тартқаны туралы

Бапкерлердің психологиялық проблемалары жайлы оқисыздар

- Константин Александрұлы, қызмет құтты болсын! Жұмысыңыз шаш етектен екені анық, бірақ уақыт тауып, келістіңіз!

- Иә, рас жұмыс аз емес. «Ертіс» дәстүрге бай, үлкен клуб, ал Павлодар футболды жақсы көретін қала. Талай талантты түлеткен шаһар. Қазақстанға көптеген футболшы мен мамандарды сыйлады. Мұндағы команда қазір жаңғыруда. Өзінің бұрынғы позицияларын қайтарудың қамында деуге болады. Болашаққа сеніммен қараймыз. Осы жобаға қатысып, өзіміздің үлесімізді қоссақ деген ниет бар. Осыған дейін жинаған тәжірибем мен білім-білігімді бөліссем деймін.

- «Атыраудан» кейін демалыс жариялаған сияқтысыз. Десе де, футболдан қол үзбегеніңіз түсінікті, оның үстіне сізге қатысты «Ұлытау» мен тағы бірнеше жерден ұсыныс түсті деген ақпараттарды естідік. 

Шамамен бір аптаның арасында екі бірдей ұсыныс түскен болатын  – бірі премьер-лига командасынан, сосын тағы Бірінші лигадан. Екеуін де ойланып-толғандым. Өзіммен іштей сырластым, не керегін таразыладым. Қазір енді «Ұлытаудан» бас тартуымның себебін түсіндіріп жатудың мәнісі жоқ шығар... Кім білсін, мүмкін өзімді басқа қырымнан сынап көргі келгендіктен солай істеген болармын. Сөйтіп, осындай екіұдай күйде жүргенде «Ертіс» шақырды. Таныссам - амбицияға толы, қызықты жоба. Таңдаудағы ең маңыздысы да осыған байланысты еді. Бұл жобаның ұзақ мерзімді әрі болашағы бары ұнады.

- Клубтан маусым барысында кеттіңіз, бапкер үшін жұмысты орта жолдан тастау оңай емес шығар?..

Премьер-лигадағы кез-келген кәсіби бапкер үшін клубымен қош айтысу оңай тимейді, әсіресе маусым барысында. Бұл кәсіби репутацияңа деген ауыр соққы. Психологиялық тұрғыда төзу оңай емес. Себебі, сен өзіңнің бір бөлшегіңді тастап бара жатқандай күй кешесің... Ал осындайден кейін кез-келген бапкерге барлығын қорытып, іштей бір түйін жасауға уақыт қажет. Қай жерден қате кетті - футболшылармен жұмыста ма жоқ басқа сыртқы факторларда олқылық болды ма? Міне осындай сауалдарға іштей жауап тауып, нүкте қою өте маңызды. Былайша айтқанда, есікті жауып, жаңа қызметке еркін, алаңсыз кірісетіндей күйге келуің керек.

- Әңгімеңізге көп рахмет, жаңа жерде сәттілік тілейміз!

- Сіздерге де рахмет!              

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров