Жарнама
Жарнама

Константин Горовенко: «Қателіктер көп болды»

15.05.2022, 17:14
«Мұнайшылар» қолда тұрған жеңістен айырылып қалды.
Жарнама
Жарнама

«Атырау» командасының бас бапкері Константин Горовенко Премьер-лиганың 11-турында «Қызыл-Жармен» болған ойынға (3:3) қатысты пікір білдірді:

- Біз жылдам гол соғып, матч тізгінін қарсыласқа бере бастадық, ал олар өз дегендерін жасап, бізден айласын асырды. Қателіктер көп болды. Үзіліс кезінде түзетулер енгізіп, шабуыл шебіндегі ойыншыларға агрессивті болу керектігін айттым. Ал екі минуттан кейін біз гол соғып, есепті еселедік. Бірақ соңында жеңістен айырылып қалдық. Жанкүйерлерді ерекше атап өткім келеді, әр матч сайын олардың саны артып келеді. Бұл бізді қуантады, біз шын жүректен ойнап, бар күшімізді жұмсаймыз. Жігіттер нағыз жауынгерлер десем де болады. Бүгінгі матч үшін оларға алғыс айтамын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров