“Қайратпен” болған ойында 2 гол жіберген қақпашы өміріне қауіп төнді.
“Паркенде” болған кездесуде Доменик өз командасын жерге қаратты. 3:0 есебімен жеңіске жетіп тұрған “Копенгаген” Котарскийдің болмашы қателігінен гол жіберіп жатты. Польшалық абыройына орай, “Қайрат” есепті теңестіріп кетпеді.
Алайда жеңісті нәтижеге қарамастан, Даниялық клубтың кей жанкүйерлері Котарскийдің аккаунтына намысқа тиетін балағат сөздер жазған. Ең сорақысы, кейбіреулер Доменикті өлтіретін ойы бар екенін алға тартқан. Өз өміріне қатты алаңдаған қақпашы Полицияға арыз жазып, қорқытқан адамдарды іздестіруде. “Копенгаген” ФК Котарскийге қолдау постын жариялап, ойыншымен қандай жағдай болмасын бірге екенін жеткізді.
Қазірде қақпашы өзінің инстаграмдағы ресми парақшасының пікірлер бөлімін бұғаттап тастаған. Қазірде оның парақшасында ешқандай хабарлама жаза алмайсың.
Біздің серіктес: FONBET