Чемпиондар Лигасындағы жорығын екінші іріктеуден бастаған даниялық команда өз жерінде сенімді ойнайды.
Мәселен, Джейкоб Неструп шәкірттері еурокубоктің екінші іріктеуінде “Дританы” өз алаңында қабылдап, 2:0 есебімен жеңді. Қарымта ойында 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Алайда “Паркенде” соққан қос голының арқасында келесі кезеңге өтті.
Үшінші іріктеудің алғашқы ойынында “Копенгаген” Мальмеде қонақта болып, онда 0:0 есебін тіркеп кетті. Бірақ әдетінше, өз жанкүйерлері алдында швецилық клубты 5:0 есебімен тізе бүктіртті. Одан кейін “Базельмен” тоғыспа кездесулер өткізіп, Данияда 2:0 есебімен жеңгеннің арқасында жалпы кезеңге жолдама алды.
Жалпы кезеңде “Копенгаген” өз алаңында 2 матч өткізіп үлгерді. Еске салсақ, 1-турда олар “Байермен” 2:2 есебімен тең тарқасты. Леверкузен ұжымы кеше ғана “Манчестер Ситиді” жеңді. Осыдан қарап-ақ, Неструп командасының “Паркенде” барын салып ойнайтынына көз жеткізуге болады. Содан бір айдай уақыт өткен соң, “Копенгаген” өз жерінде “Боруссия” Дортмундқа 2 гол соқты. Бірақ жеңіске жете алмады. Команданың сырт алаңдағы ойындарымен салыстырғанда, “Копенгаген” неміс ұжымына қарсы өте сүйкімді ойын мәнерін көрсетті.
Жалпы “Копенгаген” еурокубок аясында өз алаңында 4 матч өткізді. Дания ұжымы соның 2 жеңіске жетіп, 1 тең ойнап, 1 жеңіліс тапты.
Біздің серіктес: FONBET