26 қараша күні Дания астанасындағы "Паркен" стадионында өтетін "Копенгаген" – "Қайрат" матчын Шотландиялық маман қадағалайды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Басты төреші ретінде Шотландиядан Николас Уолш тағайындалса, оның көмекшілері Фрэнсис Коннор мен Дэниэл Макфарлейн (екеуі де Шотландиядан) болады.
VAR қызметін Англиялық Майкл Салисбери және Германиялық Роберт Шродер атқарады. Сонымен қатар, төртінші төреші ретінде Дональд Робертсон тағайындалған.
Біздің серіктес: FONBET