16 қараша күні Қазақстан ұлттық құрамасы Ташкентте Өзбекстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді екен. Көп жылдар бойы айтылып келе жатқан бұл ойын жолдастық кездесу ретінде ойналады. Енді бұл ойынды екі елдің жанкүйерлері тағатсыздана күтеді. Себебі, осы екі елдің қайсысы футбол тұрғысында мықты деген сауал ортаға қойылмақ.
Өзбекстан құрамасы Азия құрлығында болғанымен көптеген футболшылары Еуропада өнер көсретеді. Мысалы Иброхимхолил Юлдашев деген қорғаушысы Ресей премьер-лигасындағы «Пари» НН клубының намысын қорғауды. Ол Өзбекстан құрамасының негізгі қорғаушыларының бірі. Жартылай қорғаушы Отабек Шукуров болса Түркияның «Фатих Қарагумрюк» клубында доп тебеді. Өзбекстан құрамасының ортадағы ойынын күшейтіп жүрген Шукуров осы кезге дейін 47 ойынға қатысып, 5 гол салған. «Торпедо» Мәскеу клубында жүрген Хожимат Эркинов жайлы да айтпасқа болмас. Жылдам ойнайтын жартылай қорғаушы шабуылға жиі араласады. Ал Остон Урунов деген ойыншысы ресейдің «Урал» клубында ойнап жүр. 21 жастағы жас ойыншыға көз тігіп отырған командалар саны өте көп.
Өзбекстан құрамасының шабуылында әлбетте ең алдымен Эльдор Шомуродов көзге түседі. Италияның атақты «Рома» клубында ойнайтын Эльдор кезінде біздің Бақтиер Зайнутдиновпен бірге өнер көрсеткен. Екеуі өте жақсы дос. Шомуродов Өзбекстан құрамасының капитаны әрі ең көп гол салған футболшыларының бірі. Қазір Италия бірінішілігінде ойнап жүрген шабуылшы Қазақстан құрамасының қорғанысына көп салмақ түсірері белгілі. Ал екінші шабуылшы Игорь Сергеевті қазақстандық жанкүйерлер жақсы біледі деген ойдамыз. Ол осы күндері Қостанай қаласының «Тобыл» командасының намысын қорғап жүр.
Ендеше екі елдің арасындағы бұл ойын көп қызығушылық тудыртатыны анық. Оңтүстіктің дербиі десек те артық емес. Магомед Адиев шәкірттері ойыннан кейін қуанышты жағдайда болады деген пікірдеміз.
Біздің серіктес: FONBET